Қарағандыда қатты желден бала ойын алаңымен бірге ұшып кеткен

Қарағандыда балалар ойын алаңында желмен ұшып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaragandy.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға Голубые пруды шағынауданындағы №11 үйдің алаңында болған. Видеодан бала қатты жел салдарынан жасыл алаңның астында қалып, ұшып кеткенін көруге болады. Артынша бір адам келіп, оны алаңның ішінен шығарып алған. 

Зардап шеккендердің жағдайы туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!