ШҚО-да Қатонқарағай ауданындағы табиғи паркте шыққан өрт сөндірілді

ШҚО-да Қатонқарағай ауданындағы табиғи паркте шыққан өрт сөндірілді
Фото: Көрнекі сурет

ШҚО-да Қатонқарағай ауданындағы табиғи паркінде шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қатонқарағай ауданы Сенное ауылынан 3 шақырым жердегі "Қатонқарағай ұлттық табиғи паркі" РММ Ақсу филиалы (Усть-Язовое орманшылығы, 4 квартал) аумағындағы өрт 2023 жылғы 19 маусымда сағат 12:00-де 15 гектар ауданында сөндірілді", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы табиғи паркінде өрт шыққанын хабарлаған едік. Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады. Кейін өрттің оқшаулағаны айтылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек