((Beu fest)) 2023 музыкалық фестивалі қайтадан Алматыда өтеді!

((Beu fest)) 2023 музыкалық фестивалі қайтадан Алматыда өтеді!
Фото: ru.freepik.com

Алматы қаласы жылдың ең үлкен музыкалық оқиғаларының бірі ((beu fest)) оралуын асыға күтеді. Жыл сайынғы дәстүрге айналған фестиваль Қазақстан тұрғындары мен қонақтарының назарын аударады. ((Beu fest)) өз аудиториясының үмітінен асып, ұмытылмас әсер қалдыруға уәде береді. Биылғы жылы ұйымдастырушылар Amalyat, Dakelot, Dosekesh, Kilemger, Merey және тағы басқа әртүрлі жанрларда ән айтатын жас орындаушыларды қолдауға шешім қабылдады. Бұл Beu радиосының тұжырымдамасына басынан бастап енгізілген болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің және радионың идеясы бір - қазақтілді аудитория үшін сұранысқа ие жүз пайыз отандық медиа өнім.

Музыкадағы қалауларыңызға қарамастан, beufest жанрлар мен орындаушылардың кең ауқымын тамашалауды ұсынады. Бір сахнаға танымал жұлдыздар мен заманауи қазақстандық музыканың жас таланттары жиналады. Фестиваль қатысушыларының арасында NinetyOne, Мирас Жугунусов, Dequine, Akha, Қазыбек Құрайыш, Sadraddin, Кенжебек, Ayree, ALPHA, Ayafunk, Ayau, Rusha, Taspay, MonaSongz, Orynkhan, DumanMarat, ONTOĞYZONEKI сияқты әртістер, сондай-ақ біздің фестиваліміздің арнайы қонағы Кореядан келген SongWonSub болады.

  • Өтетін күні: 24 маусым 2023 жыл
  • Іс-шараның басталуы: 19:00.
  • Өтетін орны: "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешені.

Билеттерді zakazbiletov.kz билет операторының ресми сайтынан сатып алуға болады.

Фестивальді ұйымдастырушылар энергия мен ғажайып музыкаға толы ерекше атмосфераны қалыптастыруға уәде береді. ((Beufest)) музыка әуесқойлары мен ойын-сауық әуесқойларын біріктіретін ұмытылмас мереке болады.

((Beufest))-ке қосылып, Қазақстанның музыкалық мәдениетінің жаңа қырларын ашыңыз!

А. Жапатова