Алматы облысында әйел адам жаңадан туған баласын жарты миллионға сатып жіберген

Алматы облысының тұрғыны жаңа туған баласын сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өткен аптада ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімшелері Қазақстанда "STOP трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген. Операцияның үш күнінде адам саудасына байланысты 47 қылмыс анықталған. Оның ішінде еңбекпен қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың үш фактісі, адам саудасының 10 фактісі, оның ішінде бесеуі - балаларға қатысты, жезөкшелікпен айналысуға тартудың жеті фактісі (оның үшеуі - кәмелетке толмағандарға қатысты), сондай-ақ тұншығу мен жеңгетайлықтың 27 фактісі.

"Алматы облысында жаңа туған сәбиді сату дерегі анықталды. 39 жастағы тұрғын жаңа туған сәбиін сатып жіберген. Оқиға 2021 жылы желтоқсанда болған. Әйел адам баласын ерлі-зайыптыға жарты миллион теңгеге сатқан", - дейді ІІМ өкілдері апталық брифингте. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда үш секс-притон әшкере болғаны хабарланған еді. Жыныстық қызмет көрсеткен жұмыскерлер мен жезөкшелер, сондай-ақ притон иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қарағанды ​​облысы полиция қызметкерлерінің айтуынша, негізінен массаж салоны деп ашылған притонда ақылы интим қызмет көрсеткен.

22 қызметкер жезөкшелік қызмет көрсеткен. Олар - басқа облыстардың тумалары. Оларға үй-жайды жалға берген қыздар мен үй иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жолданды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!