"Несиесін өтей алмаған". Қарағандыда ер адам суицид жасаған

Қарағандыда 24 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиғадан бұрын ол банктен алған несиелерін өтей алмайтынын айтып шағымданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Patriot Тelegram-арнасына сілтеме жасап.

Бұл оқиға Пришахтинскіде болған. Жігітті туыстары оны есік тұтқасына асылып отырған жерінен тауып алған. Оған отырған жерінен тұрып кетуге және өмірін сақтап қалуына ештеңе кедергі болмаған. Ол компанияда күзетші болып жұмыс істеген.

"Бригада қоңыраудан кейін 5 минуттан соң мекенжайға жетті. Өлім себебі суицид болды", - деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!