"Атамыз трендтен қалыспайды". Нұрғали Нүсіпжанов танымал тренд түсіріп елдің назарын аударды

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов ел арасында хитке айналған трендті түсіріп ел қошеметіне ие болды. Бұл видеоны әнші өзінің instagram парақшасына жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"21-ші маусым Медицина Қызметкерлерінің кәсіби төл мерекесі. Осыған байланысты Президент Іс Басқармасы, Орталық Клиника аурухана ұжымы қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймын. Айналайындар Алла бастарыңнан бақтарыңды тайдырмасын. Ел-жұрттың алғысын арқалап, аман-сау жүріңіздер, айналайындар", - деп жазды ол өзінің парақшасына. 

Құрмет орденінің иегері Нұрғали Нүсіпжановты желі қолданушылары қолдап, түрлі пікір қалдырған. 

"Керемеееет ағатай 100 жасаңыз, әдемі көрініс, аман болыңыз!", "Трендте болғаныңызға қуанып қалдым", "Керемет аман жүріңіз", "Атамыз трендтен қалмайды", "Аман-есен әндеріңізді шырқап жүре беріңіз" , - деп жазды олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!