Мұрат Жүребеков жаңа қызметке тағайындалды

Мұрат Жүребеков жаңа қызметке тағайындалды
Фото: t.me/KZgovernment

Мұрат Жүребеков премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

"Мұрат Өтемісұлы Жүребеков ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Мұрат Жүребеков 44 жаста. Ол - Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының, Глазго қаласындағы Стратклид университетінің түлегі. 2013 жылы Гарвард бизнес мектебін, 2019 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы "ҚазТрансГаз" ЖАҚ жобаларды басқару бойынша жетекші маман болып бастады. Одан кейінгі жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия", "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясында әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды.

Бұған дейін ол Ақтөбе әкімі қызметін атқарған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек