Бір апта бұрын табытта қайта тірілген әйел қайтыс болды

Бір апта бұрын табытта қайта тірілген әйел қайтыс болды
Фото: © Sky News

Эквадорда бір апта бұрын табытта қайта тірілген әйел қайтыс болды. Бұл туралы El Universo басылымы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Meduza басылымына сілтеме жасап.

9 маусымда 76 жастағы Белла Монтойя инсульт алып, жүрегі тоқтап қалды деген күдікпен ауруханаға түсті. Дәрігерлер науқасқа көмектесуге тырысты, бірақ оған реанимация да көмектеспеді. Ақырында олар оның өлімін тіркеді.

Сол күні туыстары әйелдің денесін жерлеу бюросына апарған, бірақ жерлеуге дайындық кезінде оның әлі де тыныстап жатқанын байқаған. Содан кейін Монтойя қайтадан ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексеріс жасады.

16 маусымда Монтойя Бабаойодағы аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, осылайша, оның өлімі екінші рет тіркелді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек