Жылжымайтын мүлік бойынша мемлекеттік қызметтердің барлық түрі уақытша қолжетімсіз болады

Жылжымайтын мүлік бойынша мемлекеттік қызметтердің барлық түрі уақытша қолжетімсіз болады
Фото: Tengrinews

Қазақстанда 19 маусымда жылжымайтын мүлік және жер кадастры желісі бойынша мемлекеттік қызметтердің барлық түрі уақытша қолжетімсіз болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызметтердің уақытша қолжетімсіздігі жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінде жер және жылжымайтын мүлік жөніндегі мемлекеттік дерекқорларды біріктіруге байланысты.

Қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркелу және ХҚКО, сондай-ақ, eGov.kz, нотариустар, салық, ЕДБ және ҚР Әділет министрлігінің атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйелері арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеу тоқтатылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова