Астанадағы банкті басып алу оқиғасы: соталды тергеу басталды

Астанадағы банкті басып алу оқиғасы: соталды тергеу басталды
Фото: Tengrinews

18 маусымда Kaspi bank АҚ астаналық бөлімшесінде 7 кепілге алынған адам босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 14.00 шамасында бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1993 жылы туған Жамбыл облысының тумасы А. Мурадов (2013 жылдан есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр) Достық, 12 көшесінде орналасқан Kaspi bank АҚ бөлімшесін басып алған.

Оқиға орнына Ішкі істер министрі, Астана қаласының әкімі, бас прокурордың бірінші орынбасары және басқа да мүдделі қызметтер келді.

Жапсарлас тұрған барлық үйлерден тұрғындар дереу шығарылды. Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде кепілге алынған барлық адам босатылды, қылмыскер тергеу изоляторына қамалды.
Операция барысында бірде бір кепілге алынған адам зардап шеккен жоқ.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтарымен (Адамды кепілге алу) соталды тергеп-тексеру басталды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова