Атырауда бүтін бір отбасы жол апатынан қаза тапты

Атырауда бүтін бір отбасы жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Алты адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиға 18 маусым күні сағат 9:10 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолында болған.

Lada Priora көлігі мен Yutong автобусы соқтығысып, салдарынан 1985, 2013, 2016, 2019 және 2021 жылғы жолаушылары оқиға орнында қаза болды.

"Lada Priora автокөлігінің 1982 жылғы жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасына жеткізілгенімен, ауыр дене жарақаттары салдарынан қаза тапты. Қаза тапқан төрт баласы бар бір отбасы" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.


Атырауда екі күн ішінде жол апаты салдарынан 10 адам қаза болды. Бұған дейін, 17 маусым күні "Доссор-Құлсары-Бейнеу" тас жолында жол апаты болып, оқиға орнында 4 адам көз жұмған еді. Мамандар ірі трассаларда жол апатының көбеюіне - жылдамдықты асыра сілтеу, рөлде қалғып кету сияқты жағдайлар себеп болып отырғанын айтуда.


Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!