ШҚО-да қорықтағы өрт оқшауланды

ШҚО-да қорықтағы өрт оқшауланды
Фото: Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддердің маңындағы қорықтан шыққан өрт оқшауланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ШҚО ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

"Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында өртті сөндіруге қатысқандардың іс-қимылын үйлестірудің арқасында өрт 6:45-те оқшауланды", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, өрттің алдын ала ауданы 6 гектар.

Бұған дейін ШҚО-да Риддердің аумағындағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында өрт шыққаны хабарланған болатын.

Резерват қызметкерлері Чернушка өзені мен орманды алқаптағы Прямой ағынның түйіскен жерінен жоғары 67-квартал аумағындағы өртті анықтады. Бұл сағат 16:40 шамасында болды. Оқиға туралы дереу қорық басшылығы мен Риддер қаласының Төтенше жағдайлар бөліміне хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек