"Шымкенттің ең қиын жылдары әкім болды". Руслан Берденов марқұм Бердібек Сапарбаев туралы еске алды

Танымал кәсіпкер, депутат Руслан Берденов марқұм шенеунік Бердібек Сапарбаев туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Бердібек Сапарбаев Шымкенттің дамуына бірден-бір атсалысқан.

"Иманды болсын, Бердібек ағамыз, шын мәнінде Шымкенттің ең қиын 1997-1998 жылдары әкім болды. Шымкентте су жоқ, газ жоқ, жарық жоқ кездер. Әлі күнге есімде бәрі аулаларда қазан-ошаққа тамақ пісіретін еді. Өзімнің де әлі есімде, самаурын жағып, қазан-ошаққа тамақ пісіретін едік. Сол уақытта Бердібек ағамыз келіп, барлығын ретке келтірген. Иманды болсын", - деп еске алды депутат.

Айта кетейік, 10 маусымда мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында қайтыс болған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!