БҚО-да құрылысы үш жылға кешіккен жол биыл ашылады

БҚО-да құрылысы үш жылға кешіккен жол биыл ашылады
Фото: "Астана" телеарнасы

Батыс Қазақстан облысының шалғайдағы аудандарына апаратын республикалық жолдың құрылысы межелі мерзімінен кешіккеніне биыл үш жылға жуықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

60 мыңнан аса тұрғыны бар үш ауданның жолын салуға кезінде 57 миллиард теңге бөлінген. Бірақ межелі мерзімнің біткеніне үш жылдан асты. 

"Қазір үлкен проблема жоқ. Қазір қосымша самосвалдар келіп жатыр материалдарды жеткізуге. Вагондар келіп жатыр. 1000 вагонға келісімшарт жасалған. Ресейден алып жатырмыз қиыршық тастың барлығын. Оларда ондай проблема жоқ", - деді мердігер мекеме өкілі Серік Керімқұлов.

Мердігерлер жұмыс кестеге сай екеніне сендірген. 

Бүгінде республикалық маңызға ие 245 шақырым жолдың 150 шақырымы дайын. Ал қалған бөлігіне әзірге бір қабат асфальт төселеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова