Маңғыстау облысында жол апатынан екі отбасы қаза тапты

Маңғыстау облысында жол апатынан екі отбасы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың қатарында бес кәмелетке толмаған бала және бес ересек адам болған. Аймақ полициясының басшысы Аян Дүйсембаев Toyota Camry көлігінің салонында сегіз адам болғанын айтты.

"Ережелер сақталса, жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін тақса, сондай-ақ, балаларға арналған орындықтар пайдаланылса, онда көлікке төрт адам отырар еді. Ал жол апаты болған жағдайда бұл нәрселер адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін еді. Renault Duster көлігінің жүргізушісі бір ай бұрын қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ескерту алып, айыппұл салынған. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, жол апатының негізгі себебі көліктің қарсы жолаққа шығуы екенін ескерткім келеді. Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және өз өмірі мен балаларының өміріне жауапкершілікпен қарауды сұраймын", - деді полиция басшысы өңір тұрғындарына.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!