Талғар тұрғыны "Поле чудес" ойынында жеңіске жетті

Талғар тұрғыны "Поле чудес" ойынында жеңіске жетті
Фото: © 1tv.ru

Талғар тұрғыны Әлия Сапарова Бірінші арнадағы "Поле чудес" шоуында финал мен суперойында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық алдымен іріктеу ойынында жеңіске жеткен, содан кейін финалда да жеңіске жетті, Онда ол "кисель" сөзін дұрыс атады.

Осыдан кейін ол қиын тапсырма берілетін суперойынға қатысуға келісті. Оған "Антарктида маңындағы суларда тіршілік ететін мұзды балықтардың денесінде не жоқ?" деген сұрақ қойылды. Бір минут ойланғаннан кейін әйел "гемоглобин" деп жауап берді.

Әлия қысқы спорт түрлері бойынша республикалық спорт мектебінде әдіскер болып жұмыс істейтінін айтты. Ол Қазақстан құрамасының спортшыларын оқу-жаттығу жиындарына дайындайды.

Айта кетейік, бағдарламаның эфирі 16 маусымда шықты. Оның бейнежазбасын мына жерден көруге болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова