Дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова тұңғышын ұзатты

Дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова Айша есімді тұңғыш қызын ұзатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде өнер иесінің әріптестері тойдың суреттерін жариялап жатыр.

"Жүніс ағам мен Айгүл жеңгеміздің қызы Айшаның ұзату тойынан естелік", - деп жазды әзілкеш Ерболат Төлеген.

"Бүгін Алматыда керемет той. Жүніс пен Айгүлдің тұңғыш қызы Айша ұзатылып жатыр. Айшаның жолы болсын, бақыты баянды болсын, тілекшіміз", - деп жазды Тамара Асар әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ, тойда Айгүл Қосанованың өзі де жырдан шашу шашып, "Маралдым" әнін орындап, кейін қызына да ән орындаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!