Талдықорғандағы сауда және ойын-сауық орталығының маңында есірткі сатып жүрген тұрғын ұсталды

Талдықорғандағы сауда және ойын-сауық орталығының маңында есірткі сатып жүрген тұрғын ұсталды
Фото: видеодан алынған кадр

Талдықорғанда есірткі саудасына қатысы бар күдікті сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің жанында ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жеке тінту кезінде және тұрғылықты жерінде ұсталған ер адамнан ерекше иісті ақ түсті ұнтақ заты бар екі бума тәркіленді.

Сондай-ақ белгісіз маркалы тапанша тәркіленді.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша тергеу амалдары басталды. Тәркіленген зат пен қару бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан