Жетісу облысында 3 жасар баланы көлік қағып кетті

Жетісу облысында 3 жасар баланы көлік қағып кетті
Фото: polisia.kz

Жетісу облысы Көксу ауданы Мұқыры ауылында 3 жасар баланы көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жолдың көлік жүретін бөлігінде бала Lada Grantа көлігінің доңғалақтарының астына түсіп кеткен.

Жол апатынан зардап шеккен бала түрлі дене жарақатымен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген, қазір дәрігерлердің бақылауында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан