Батыс Қазақстан облысында 7 жастағы қыз бала жол апатынан көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында 7 жастағы қыз бала жол апатынан көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 15 маусымда сағат 09:00 уақыт шамасында Жымпиты-Қаратөбе автожолының 75-шақырымында жол апаты болды.

"Лада-2114" маркалы автокөлігін тізгіндеген 40 жастағы жүргізуші масаң күйде, рөлге ие бола алмай аударылған.

"Жол апаты салдарынан Қ. есімді 2016 жылғы қыз бала Сырым ауданының орталық ауруханасына жеткізіліп, ауруханада көз жұмды. Жүргізуші дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!