Алматыдағы туризм пандемияға дейінгі деңгейге оралды

Алматыдағы туризм пандемияға дейінгі деңгейге оралды
Фото: elements.envato.com

Алматыдағы туризм пандемияға дейінгі деңгейге оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2022 жылы мегаполиске 1,8 миллион турист келді: 2021 жылмен салыстырғанда 48 пайыз өскен. Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында қалалық экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәлімдеді.

Былтыр мегаполисте 2,2 мың төсек-орынға 34 жаңа орналастыру орны құрылып, сонымен бірге ұзындығы 150 шақырым 12 маршрут пен 3 кемпинг аймағы абаттандырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан