Тоқаев әскери қауіпсіздікті дамыту үшін нақты тапсырмалар берді

Тоқаев әскери қауіпсіздікті дамыту үшін нақты тапсырмалар берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бірқатар жауапты мемлекеттік орган басшысының баяндамасын тыңдады.

Қауіпсіздік кеңесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскерін, әскери құралымдарын қару-жарақпен қайта жарақтау және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын қарастырды.

Қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс, қару-жарақ пен әскери техника айналымы, қорғаныс нысандары инфрақұрылымын дамыту салаларындағы кейбір мәселелер жөнінде жүйелі шаралар әзірленді.

Жиын қорытындысы бойынша Президент мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова