Абай облысында өрт қайта өршігені рас па?

Абай облысында өрт қайта өршігені рас па?

Бүгін әлеуметтік желілерде Абай облысында өрт қайта өршіп, Шүлбі кентінің маңын қою түтін басқаны жайлы видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Шүлбі кентінің маңындағы қою түтінге қатысты жауап берді.

"Видео Шүлбі кентінің маңында түсірілген. Бұл жаңадан шыққан өрт емес. Оқшауланған өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі жағдайды ескере отырып, күштер мен құралдар қайта топтастырылған. Төтенше жағдайлар министрі сол жақта жүр. Жағдай толығымен бақылауда", - деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ олар қазір елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрмағанын, өрттің таралуы тоқтатылғанын және қолда бар күштер мен құралдар оны толықтай сөндіруге жұмылдырылатынын мәлімдеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина