Шуда даладан өрт шықты

Шуда даладан өрт шықты
Фото: tengrinews.kz

Жамбыл облысында сегіз гектар алқапты дала өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жамбыл облысы ТЖД мәліметінше, 16 маусымда Шуда 200 шаршы метр аумақта қоқыс өртеніп кеткен. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, бұл өрттерден жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, 15 маусымда Шу ауданында Балуан Шолақ ауылының маңында 8 гектар аумақта құрғақ шөп өртенген. Өртті сөндіруге ТЖД күштерінің 5 қызметкері мен 1 техникасы және өрт сөндіру бригадасының еріктілерінің 11 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Нәтижесінде дала өрті сөндірілді.

Еске салайық, бұған дейін төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Қазақстанда неге өрт сөндіруге арналған ұшақтар жоғын түсіндірген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек