Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды
Фото: Антикор

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров ұсталды. Ол жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді.

"Ақшаны алғаннан кейін Арслан Қалияқбаров қылмыс үстінде ұсталып, Павлодар қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, шенеунік биыл әкім орынбасары болып тағайындалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова