Атырау екіге бөлінуі мүмкін

Атырау екіге бөлінуі мүмкін

Атырауды екіге бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ брифингінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бізде Атырау қаласын дамытудың бекітілген бас жоспары бар. Қаланы Жайық өзені екі бөлікке бөледі. Халық саны өсіп жатыр, қала созылып жатыр. Біз бөлу мәселесін қарастырып жатырмыз, бірақ бұл келешекте, біз бұл мәселені тұрғындардың алдына шығарамыз, жұмыс қала тұрғындарының пікірін ескере отырып жүргізілетін болады", - деді Серік Шапкенов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина