+50 градус. 40 күн бойы аптап болатыны рас па?

+50 градус. 40 күн бойы аптап болатыны рас па?
Фото: elements.envato.com

WhatsApp мессенджерінде әлемде дәл 40 күн бойы ауа температурасы 50 градусқа дейін жоғарылайтыны туралы ақпарат тарады. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ең алдымен хабарламада қолданылған терминологияға назар аударған жөн. Онда "мысық күндері" туралы жазылған. Метеорологияда да, климатологияда да мұндай термин жоқ.

Сондай-ақ, хабарламада нақты ауа температурасының 50 градусқа дейін жоғарылайтыны болжанып отырған аймақтар көрсетілмеген. Бір уақытта Жердің барлық континентінде мұндай жағдай болуы екіталай. Мұндай күмәнді пікірлер хабарламаның жалған екенін көрсетеді. Уақыт пен географиялық белгілердің болмауынан оны кез келген жерде және кез келген уақытта таратуға болады.

Әр 60 жыл сайын қайталанатын 40 күн бойы болатын аптап туралы теорияға келетін болсақ, оны Желіде оңай тексеруге болады. Шын мәнінде, ауа температурасының жоғарылауы тұрақты әрі алпыс жыл сайын болмайды. Кейінгі жылдары әлемде рекорд жоғары температура жиі тіркеліп жатыр. Мәселен, 2022 жылы Еуропада ыстық болды, ал 2023 жылы температураның рекорлд көрсеткіштері Азия елдерінде тіркеліп жатыр.

Мұның себебі - Жердегі климаттың өзгеруі. Парник газ шығарындысының көп болуына байланысты планетамыздың бетіндегі температура жоғарылайды. 

Демек таралған ақпарат жалған және оған сенбеген жөн.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек