Айсұлтан Сейітов Шанхайдағы кинофестивальде "Үздік режиссер" атанды

Танымал қазақстандық режиссер Шанхайдағы халықаралық кинофестивальде "Үздік режиссер" атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сейітов Шанхайдың 25-мерейтойлық халықаралық кинофестивалінде "ҚАШ" дебюттік картинасымен "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды.

"ҚАШ" фильмі қысқа тізімге еніп, бірден Asian New Talent санатындағы үш номинацияда жеңіске жетті:

  • Үздік фильм - Айсұлтан Сейітов;
  • Үздік режиссер - Айсұлтан Сейітов;
  • Үздік сценарист - Абылай Нұрманбетов.

Айта кетейік, Айсұлтан Сейітов - қазақстандық режиссер. Ол әлемге әйгілі бірнеше әншінің бейнебаянын түсірген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!