Қазақстанда алдағы демалыста ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы демалыста ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay.com

Синоптиктер 17-19 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжам бойынша, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағында оңтүстік циклон және атмосфералық фронт басым болады. Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 18 маусымда батыста, 18-19 маусымда республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз.

"Тәуліктік ауа температурасы батыста 20-28 градусқа дейін, солтүстік-батыста 13-26 градусқа дейін, солтүстікте 17-27 градусқа дейін, солтүстік-шығыста 30-37 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың орталығында, оңтүстік облыстарда температура айтарлықтай өзгермейді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина