Бомба туралы хабарлаған алматылыққа жаза төніп тұр

Бомба туралы хабарлаған алматылыққа жаза төніп тұр
Фото: © polet.me

52 жастағы жолаушы бомба туралы хабарламадан кейін жазалануы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

102-ге желілік полиция бөлімінің кезекшісінен ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына алғашқы күштер жіберілген.

"Қоңыраудың себебі рейске жіберілмеу болды. Жедел жұмыс барысында оңтүстік астанадан келген қонақ Fly Arystan әуекомпаниясының Қарағанды - Алматы бағыты бойынша рейс кешіккеніне кек алып, әзілдегісі келгенін мойындады.

Енді оған Қылмыстық кодекстің 273-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік төніп тұр", - делінген хабарламада.

Егер әйелдің әрекеттері айтылған бап бойынша сараланса, онда оған 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төнеді.

Ал борт жоспарланған түрде межелі жерге ұшып кеткен, әйел полиция бөліміне жеткізілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова