"Сараға шай құйғызып қоятын". Бауыржан Ибрагимов Нұрсұлтан Назарбаевтың үйінде қонақ болғанын еске алды

Танымал актер Бауыржан Ибрагимов Нұрсұлтан Назарбаевтың үйінде қонақ болғанын еске алды. Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, Сара Алпысқызының өз қолынан шай ішкен.

"Нұрекеңнің (Нұрсұлтан Назарбаев-еск.) үйіне барғанда, қызметші қыздарды шығарып жіберіп, "мына жігіттер күнде келіп жатқан жоқ. Жеңгелерінің қолынан шай іштік деп жүреді. Сара, шайды өзің құй" деп Сараға шай құйғызып қоятын. Бәрі тықырлата бастаса, "әй, қай ата-бабаларың бешбармақты шанышқымен жеп еді? Қолдарыңды жумай келдіңдер ме?" деп, қолмен жегізеді. Сондай-сондай оқиғалар болды", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Ибрагимов Болат Назарбаевтың ауырып жатқанына сенбейтінін жеткізген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!