"Әруақ бар". Танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовтың әріптестері оның ерекше қасиеті туралы айтты

"Әруақ бар". Танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовтың әріптестері оның ерекше қасиеті туралы айтты
Фото: Мұрағат

Суырыпсалма айтыскер ақын, сөзге жүйрік қазақ ақыны Айтақын Бұлғақовтың әріптестері оның ерекше қасиеті туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айтыскер ақын Бөрібай Оразымбеттің сөзінше, Айтақын Бұлғақов сахнаға шыққан кезде бөлек, арқасы қозатындай сезім болған. 

"Қазақшалап айтқанда әруақ бар", - дейді айтыскер "Хабар" телеарнасының "Алғашқы" жобасында

Тағы бір айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының айтуынша, Семейдегі айтыстардың бірінде Айтақын Бұлғақов сахнада отырған орындығы сынып кеткен. 

"Жастау ақынмен айтысты. Сол кезде Айтақын ағамыз қатты қимылдаған кезде орындығы әлсіздеу болып, ақын шалқасынан түскен болатын. 

Сонымен қатар, бірде Айтақын Бұлғақовтың сахнада арқасы ұстап, орнынан тұрып кеткен екен. 

"Сөз таппай емес, Айтақын ағамыздың арқасы бар. Арқасы ұстап қалып, Айтақын ағамыз орнынан тұрып кеткен", - дейді Серікзат Дүйсенғазы. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина