Әйел бес айлық баласын азаптап, әрекетін видеоға түсіріп, күйеуіне жіберген

Өзбекстанда әлеуметтік желілерде әйел өзінің бес айлық баласын азаптайтын видео тараған. Кадрларда бала қатты жылайды. Ал әйел Ресейде жұмыс істейтін күйеуіне шағым айтып, видео түсіруін жалғастыра береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Андижан ІІБ мәліметінше, оқиға 13 маусымда Улугнор ауданында болған. 21 жастағы әйел үйінде бес айлық баласын видеоға түсіріп, бұл жазбаларды Ресейде жүрген сәбидің әкесіне жіберген. Ол мұны араларындағы келіспеушілікке байланысты жасаған.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болғаннан кейін әйел құқық қорғау органдарына өтініш білдірген. Ол видеоны күйеуі таратқанын, осылайша, оның қадір-қасиетін қорлағанын және туыстары мен таныстарының арасында масқара болғанын айтқан. Әйел ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғауды сұраған.

Қазір мамандар баланың жағдайын анықтау үшін медициналық тексерістен өткізіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!