Екібастұзда тыйым салынған жерден өткен әйелді көлік қағып кетті

Екібастұзда әйелді көлік қағып кетті, салдарынан ол түрлі жарақатымен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 маусым күні сағат 17:35-те Мұхтар Әуезов көшесінде "Болашақ" сауда үйіне қарсы аумақта "Тойота Авенсис" маркалы көліктің жүргізушісі 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Әйел адам жолдың тыйым салынған бөлігімен өтіп бара жатқан. Салдарынан  жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті", - деп хабарлады департамент. 

Жол апаты бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, тиісті  сараптамалар тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!