Петропавлда BMW көлігі әуелі ағаш пен бетон плитаға, кейін гаражға соқтығысты

Петропавлда BMW көлігі әуелі ағаш пен бетон плитаға, кейін гаражға соқтығысты
Фото: polisia.kz

15 маусымда сағат 04:42 шамасында Петропавлдағы Сәтбаев көшесінде жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

21 жастағы ер адам BMW 530 автокөлігінің рөліне ие бола алмай, әуелі ағаш пен бетон плитаға, содан кейін тұрған гаражға соқтығысқан.

Автокөлік жүргізушісін жедел жәрдем бригадасы қалалық ауруханаға жеткізді. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан