"Түбі оңбайсыңдар". Төреғалидың қарындасы полицейлер мен ағасын өсектеп жатқандарды тағы айыптады

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында ағасының ұсталып, қамалуына қатысты тағы да жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ағасы мен жеңгесіне Қызылордаға балаларына асығып бара жатқан. Ал мұның бәрін Қазақстанда болып жатқан жағдайлардан әдейі назар аударту үшін ойластырылып істелген.

"Пабликтарда таратылған өтірік ақпараттардан бастайын! Жағдай былай: Күні кеше жеңешем екеуі аэропортқа Қызылордада күтіп отырған бала-шағасына асығып бара жатқан! Күні кеше за рулем ТРЕЗВЫЙ күйінде отырған адамды ішіп алып рөлде отырған жерінен ұсталды деп жалған ақпарат таратуға құқығы жоқ!

Халықтың көңілін Қазақстанда болып жатқан жағдайдан басқа жаққа аударылу үшін жасалатын әдейі нәрселерден жала жабулардан шаршадық шыны керек... Миы жеткен адамдар ар жағын түсініп алар!

Жала жабылып, шындықтарын дәлелдей алмаған адамдардың жағдайларын қазір қатты түсініп отырғаным-ай...!

Халыққа басқа ой салып ӨТІРІК ақпарат таратып отырған ӨСЕКШІ ПАБЛИКТАР! Сендер түбі оңбайсыңдар...", - деді ол.

Ол шындықты айтайын десе, әлдекімдерге жақпай қалатынын да жазған, сонымен бірге оқырмандарына "Әлеуметтік желіде тараған видеоның неге басы жоқ?" деп сұрақ қойды.

"Осы уақытқа дейін бүкіл Қазақстанға шулаған ағама қатысты жағдайлардың артындағы нағыз шындықты бізден басқа ешкім білмейді...

Шындықтың бетін ғана емес, түбімен қопарып тұрып сіздерге айтайын десем екінші жағы да бар. Шындық ешқашан ешкімге жақпайды ғой әсіресе біздікілерге.

Қалғанын ағам бостандыққа шыққан кезде жалғастырамын!

Ал бірінші тоқтатқанда адам ұқсап сөйлескенде түсінбеген сотрудниктерді Алла жазаласын!

Интернетке таратқанда неге бүкіл видеоның басы жоқ? Неге тек ушыққан жері ғана? Мықты сценарий, молодцы.

Оооой бұл жерде біраз нәрсе бар. Үйлеріңде жатып алып интернетке шыққан жерін ғана көріп, дальше өсектеп жатқандарға оны не понять просто", - деп жазды ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!