Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сапабек Мұқышев зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Арызды күдіктінің 20 жастағы өгей қызы 2022 жылғы қарашада жазған, бірақ бұл қазір ғана белгілі болған.

Бұл дерекке қатысты бірден 2 бап - "Зорлау" және "Бірнеше рет зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 "Тергеу аясында бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалып, жүргізілді, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады, зардап шеккен тарап қорғауға алынды", - деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!