Семейдегі тағы екі ауылдың тұрғындары үйіне қайтты

Семейдегі тағы екі ауылдың тұрғындары үйіне қайтты
Фото: видеодан алынған кадр

Семейдегі Половинка және Талица ауылының эвакуацияланған тұрғындар үйіне қайтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген еді. Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында. Тұрғындарды үйіне қайтару туралы шешім қабылданды", -  деп хабарлады Семей әкімдігі.

Еске салайық, бұған дейін Семейдегі Бұлақ ауылынан эвакуацияланған тұрғындардың үйіне қайтқанын хабарлаған едік. Бұл ауылдан барлығы 72 адам, оның ішінде 24 бала эвакуацияланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан