Павлодарда мекеме ішінде темекі шеккен департамент басшысы жазаланды

Павлодарда мекеме ішінде темекі шеккен департамент басшысы жазаланды
Фото: elements.envato.com

Павлодарда әдеп жөніндегі кеңес отырысында мемлекеттік мекеменің ішінде темекі шеккен басшыға қатысты мәселе қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

30 мамырда Telegram-дағы каналдың бірінде Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Әлібаев мемлекеттік мекемеде темекі шеккені түсірілген видео тарады.  

"Ол күні отбасымда бір мәселе шығып қалған еді. Мекеме ішінде келеңсіз әрекет жасағанымды толық мойындаймын. Сондай-ақ тағайындалған жазаны өтедім, яғни айыппұл төледім. Бұл жағдай енді қайталанбайды", - деді Айбек Әлібаев.

Кеңеске қатысқандар отырыс кезінде жұмысты отбасындағы жағдаймен араластыруға болмайтынын айтып, ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысына Айбек Әлібаевқа ескерту берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан