Арман Давлетьяров Президенттің ТРК бас директорының кеңесшісі болды

Арман Давлетьяров ҚР Президентінің телерадиокешені бас директорының кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арман Давлетьяров - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Муз-ТВ арнасының экс-жетекшісі, кәсіпкер, психология ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, медиаменеджер, тележүргізуші, TEFI сыйлығының иегері.

Ол Қазақстан Республикасының "Құрмет", Ресей Федерациясының "Достық" ордендерімен марапатталған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!