Құс сүйектері мен терісінен фарш жасалатыны рас па?

Әлеуметтік желілерде құс сүйектері мен терісін лас аппаратқа салып турап жатқан адамның видеосы тарады. Видеодағы адам мұндай еттен шұжық пен жартылай фабрикаттар жасалатынын айтады. Бұл жалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Суреттерді кері іздеуге арналған құрал көмегімен құс сүйектерін тартылған етке айналдыратын видеоның дереккөзі анықталған. Бұл - tagplethtiktok есімді лақапаты бар тай блогерінің TikTok аккаунты. 

Оның парақшасында видеоның толық нұсқасы бар. Ұсақталған сүйектерден жартылай фабрикаттар немесе шұжықтар жасалмайды, бұл - балықтарға арналған тамақ. Ролик соңында ет ұзын пластикалық тығын арқылы балығы бар тоғанға түсіп жатқаны көрсетілген.

Алайда бұл кадрлар әлеуметтік желі қолданушыларын жаңылыстыру үшін таралған видеодан әдейі алып тасталған.

Кадрда шұжық және жартылай фабрикаттар жасауға арналған тартылған ет емес, балық тағамдарын жасау процесі көрсетілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!