Қарағандыда 34 жастағы ер адам 4 жастағы қызды ұрлап кеткен

Қарағандыда 34 жастағы ер адам 4 жастағы қызды ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, Қарағанды қаласының Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы 4 жасар қызын көлікпен ұрлап кеткен.

Бұл дерек Орталық ПБ-де Қылмыстық кодекстің 125-бабының 2-тармағы яғни "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау" сәйкес тіркелді.

13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.

Полицейлер ұрланған қызды анасына тапсырды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!