Жігіт 19 жастағы қыздың ашық-шашық суреттерін бүкіл қалаға таратамын деп қорқытқан

Жігіт 19 жастағы қыздың ашық-шашық суреттерін бүкіл қалаға таратамын деп қорқытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Жизақ ауданының тұрғыны Ішкі істер органдарына жүгініп, танысы әлеуметтік желілерде интим сипаттағы суреттерді таратамын деп қорқытқанын айтқан. Тіпті оларды таратпау үшін 300 доллар талап еткен.

Тергеу барысында Жизақтың 20 жастағы тұрғыны бұрын қызбен жақын қарым-қатынаста болғаны, бірақ келіспеушілікке байланысты олар ажырасып кеткені анықталған. Біраз уақыттан кейін жігіт оған тағы да жаза бастаған. Сөйтіп, қыз 300 доллар төлемесе, ашық суреттері мен видеоларын "бүкіл Жизаққа таратып, алдымен анасына жіберетінін" айтқан.

Осы дерек бойынша жігітке Қылмыстық кодекстің 165-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Соған сәйкес, оған 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!