Қарағандыда үш секс-притон әшкере болды

Қарағандыда массаж жасайтын орталық атын жамылған үш секс-притон әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жыныстық қызмет көрсеткен жұмыскерлер мен жезөкшелер, сондай-ақ притон иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қарағанды ​​облысы полиция қызметкерлерінің айтуынша, негізінен массаж салоны деп ашылған притонда ақылы интим қызмет көрсеткен.

"22 қызметкер жезөкшелік қызмет көрсеткен. Олар - басқа облыстардың тумалары. Оларға үй-жайды жалға берген қыздар мен үй иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жолданды", - деді Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ұсталғандар арасында кәмелетке толмаған қыздар жоқ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!