Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузиядан экстрацияланды

Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузиядан экстрацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

15 маусымда Грузияның Әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 миллион тенгеден аса бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауын қанағаттандырды.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.

Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді.

Қазір ол Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Бұл қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!