Шығыс Қазақстан облысында да 15 гектар жер өртеніп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында да 15 гектар жер өртеніп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында қураған шөп пен бұталар өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарына қарағанда, әуелі 14 маусымда түнде Алтай ауданындағы Северное ауылынан 7 шақырым қашықтықта, жетуге қиын таулы жерлерде құрғақ шөптер мен бұталар өртеніп кеткен. Сағат 06:25-те 3 гектар жердегі өрт ауыздықталған.

Кейінірек, сол күні сағат 11:00 шамасында Северное ауылынан 10 шақырым қашықтықта Алтай ауданында құрғақ шөптер мен бұталар тағы өртенген. Өртті сөндіруге жетуге қиын таулы жер мен бағытын үнемі өзгертететін, екпіні 20 м/с болатын жел кедергі келтіріп жатыр.

Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің, орманшылық және жергілікті атқарушы органдардың 102-ден астам адамы және 7 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Жеке құрамды өрт шыққан орынға жеткізу үшін МИ-8 АП тікұшағы жұмылдырылды.

Алдын ала болжам бойынша, 15 гектар жер өртеніп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Қазгидрометтің Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының ақпараты бойынша 15 маусымда облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан