Тауып алған телефоннан 130 мың теңге аударып алып, сатып жіберген астаналық анықталды

Жолдан тауып алған телефоннан 130 мың теңге аударып алып, сатып жіберген астаналық анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны көшеде ұялы телефон тауып алып, паролі жоғын пайдаланып, банк қосымшасының көмегімен біреудің шотынан 130 мың теңге аударып алған. Телефон иесі банк картасы заңсыз қолданылғанын және ақшасы жоғалғанын көріп, полицияға жүгінген. Күдікті ақшаны жұмсаған соң, ұялы телефонды 9 мың теңгеге сатып жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері 36 жастағы ер адамды анықтады. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!