"Өтеусіз несие алып беремін" деген": алаяқ ауыл тұрғындарын 30 миллион теңгеге сан соқтырған

Түркістан облысының 40 тұрғыны алаяқтың құрбаны болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, таныс адамдардың бірі мемлекеттен өтеусіз несие алуға көмектесетініне сендіріп, әрқайсынан 300 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін ақша алған.

Алайда алаяқ уәдесін орындамаған, тіпті тұрғындардың ақшасын да қайтармаған. Полицейлер күдіктіні анықтады, ол бұрын сотталған Түркістанның жұмыссыз тұрғыны болып шықты.

Ер адам алаяқтық жолмен алынған 30 миллион теңгені өз қажеттілігіне жұмсағанын мойындады.

Қазір күдікті қамауға алынып, соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!