ШҚО-да бес жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында бес жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл оқиға туралы кеше Глубоковский ауданының тұрғындары айтқан. Олардың айтуынша, күдікті қызды күндіз зорлап, кейін Глубоковский ауданы Кожохово ауылының маңында жасырынбақ болған. Тұрғындар Желіде бұл туралы ақпарат тарата бастады. Қазір елді мекендерге кіреберісте полиция патрулі қойылды. Ер адам қамауға алынды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасаған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу шаралары аясында қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деді ШҚО Полиция департаменті өкілдері. 

Айта кетейік, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!