"Үстінде тек футболка болған": Ақтөбедегі қыздың жұмбақ өліміне қатысты туыстары пікір білдірді

Ақтөбеде 19 жастағы қыздың жұмбақ өлімі тергеліп жатыр. Тергеу мәліметтері бойынша, студент көпқабатты үйдің 7-қабатынан құлаған. Полиция "Суицидке жеткізу" бабы бойынша іс қозғады. Бірақ туыстары бұл нұсқаға сенбейді. Олардың айтуынша, қаза тапқан адам киімсіз болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл оқиға бүкіл Қазақстанды дүрліктірді. Қыздың денесі 8 маусымда қаладағы аудандардың бірінен табылды.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының №1 қалалық Полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Суицидке жеткізу" бойынша қылмыстық істі тіркеді. Іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.

Қайтыс болған қыз - 19 жастағы Әйгерім Орынбасарова. Марқұмның туыстары қыз жергілікті университетте оқығанын айтады. Биыл ол спорт факультетінің 2-курсын бітірді. Әйгерімнің ата-анасы әлдеқашан ажырасқан және ол анасымен бірге тұрған. Қайғылы оқиға болған күні ол жұмыстарымен кетіп, қайта оралмаған.

"Үстінде тек футболка мен шұлық болған. ...Бұл - кісі өлтіру. Мүмкін зорлау, ұрлық, қарақшылық", - дейді марқұмның ағасы Аслан Елшібаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!